Проход по ссылкам навигации
Басты бет
E-COLLEGE
ТАЛАПКЕР 2020Развернуть ТАЛАПКЕР 2020
Колледж Развернуть Колледж
Мамандықтары мен кәсіптері
Қашықтықтан оқыту
ЦББР
Виртуалды лаборатория
Директор блогы
АқпаратРазвернуть Ақпарат
Развернуть
                        

Қызылорда облысының білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда           гуманитарлық     колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

даму бағдарламасы  

Негізі:  

 

 «100- нақты қадам» Ұлт жоспары; Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы;

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы;

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы 25 сәуірдегі  № 243 қаулысы;

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға  арналған бағдарламасын » Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы 29 желтоқсандағы  № 919 қаулысы;

Колледж дамуының тактикалық мақсаты:

- Экономика мен қоғамның сұраныстарына сәйкес білікті жұмыскерлерді (қызметкерлерді) және орта буын мамандарын дайындауға қабілетті:  

- кәсіби құзыретті мамандар дайындау мен қолданбалы біліктіліктерді қалыптастарудың заманауи жүйесін құру;

-   әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді икемді қабылдау;  

- бүкіл еңбек қызметі барысында қажетті кәсіби біліктіліктерді игеру үшін тұрғындардың әртүрлі санаттарына ауқымды мүмкіндіктер беру

Мақсаты:

- Техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау  

- ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету;  

- Елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту  

- "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық  патриоттық   идеясының рухани-адамгершілік  құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін  нығайту  

- ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру  

 

Міндеттері:  

- облыстық және Қазақстанның кәсіптік білім беру жүйесінде колледждің кәсіптік қызметінің жоғары рейтингтік бағасын қамтамасыз ету;  

- колледж қызметінің ресурстық қамтамасыз ету тиімділігін арттыру;  

- колледждің қызметіне оның білім беру қызметінің сапасын ары қарай арттыру шарты ретінде сапаны басқару жүйесін дамыту