Adrenaline Nomad Race

Шымкент қаласында 31 тамыз күні өткен «Adrenaline Nomad Race» халықаралық экстремалдық кедергілермен 5 000 метр жүгіру жарысынан М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушылары Амангелді Тлеуов, Сапарымбетов Дархан, Нарымбетов Талғат, Нұрмағамбетов Медетхандар жүлделі оралып, медаль иеленді. Жеңімпаздар қазан айында Алматы қаласында өтетін соңғы ақтық кезең бәсекесіне қатысады. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз. Жаңа оқу жылын табысты бастап отырған ұстаздардың биіктерден көріне берулеріне тілектеспіз.  

     

 

Самбо күресі

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы 3-курс студенті Нәбиева Бибіхан Еркінқызы Монғолияның Улан-Батор қаласында самбо күресінен өткен Азия чемпионатында жүлделі ІІ орын, Алматы қаласында дзюдо күресінен өткен Азия кубогында ІІІ орын иеленді. Өз табандылығың мен спорттық шеберлігіңді көрсетіп, халықаралық додаларда еліміздің мерейін үстем ете беруіңе тілектеспіз!

     

 

Өрнекпен өрілген өнер

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 29 мамыр күні М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіне 85 жыл, Астана қаласына 20 жыл, Қызылорда қаласына 200 жыл толуына орай «Өрнекпен өрілген өнер» атты шығармашылық көрме салтанатты түрде ашылды. Көрменің ашылуына Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова қатысып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Көрменің мақсаты - оқытушылар мен студенттердің шығармашылығын қолдау, өнерлерін насихаттау, рухани әсер сыйлау. Көрмеге бейнелеу өнерінің жанрлары: пейзаж, натюрморт, тарихи жанрда жазылған 60-тан астам туындылар қойылған. Сонымен қатар 20-дан астам ұлттық киімдер, әртүрлі бағыттағы мүсіндер, қолөнер бұйымдары Сіздерге ұсынылады. Бір ай уақыт бойы жұмыс жасайтын көрме қала жұртшылығы мен қонақтарына эстетикалық тұрғыда рухани жағымды әсер сыйлайтындығы сөзсіз.

           

 

Суицид әрекеттерінің алдын алудағы ата-ананың рөлі

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алуға бағытталған жұмыстар жөнінде және жазғы демалыс уақытында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында 2018 жылдың 19-25 мамыр аралығында «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» жобасы аясында барлық бөлім ата-аналарына «Суицид әрекеттерінің алдын алудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында колледж педагог-психологтары Талпақова Алмагүл мен Тлеуова Жаңагүл түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Вахтерлерді оқытудағы ата-ана ролі» презентациясы қолданылып, суицидтің қауіпті факторлары, қауіп-қатер тобындағы балаларға көмек көрсетудегі ата-ана рөлін айта келе, баланың дағдарыстағы күйін бақылау кезеңінде оның ескертуші белгілерін қалай танып біле алатыны түсіндірілді. Ата-аналарға баласына қамқорлық көрсетуге, көңіл бөлуге, жайлы, жағымды орта құру қажеттігін айта келе, бұл жағдайларға немқұрайлы қарамауын сұрап, әр студент өзіне әрқашан қолдау және көмек ала алатынына сенімді болу керектігін басты назарға алды.

       

 

АШЫҚ ЕСІК күні

2018 жылдың 24-мамыры күні М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде қала мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға №3; 4; 5; 101; 217-мектептердің талапкер оқушылары қатысты. Бағдарлама аясында талапкерлерге колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылып, аулада колледжде даярланатын мамандықтар бойынша студенттер жетістіктерінің көрмесі және концерт ұйымдастырылды. Құрметті ата-аналар! Құрметті талапкерлер! Егер Сіз М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледждің базасымен танысып, 2018-2019 оқу жылына қабылдау жүргізілетін мамандықтар туралы және басқа қажетті ақпараттар алғыңыз келсе, әр аптаның жұма күні СІЗДЕР үшін АШЫҚ ЕСІК күні екенін қаперлеріңізге саламыз!!!

      

 

2017-2018 оқу жылының аяғы

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжін 2017-2018 оқу жылында 438 түлек бітіргелі отыр. 2018 жылдың 25 мамыр күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.Аймағамбетовтің 2018-2019 оқу жылына жоғары оқу орындарындағы қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша колледж бітіруші түлектер үшін бөлінген мемлекеттік грант саны туралы ақпараттық хатына сәйкес колледж бітірушілерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына бекітілген кесте бойынша барлық бітіруші топтар мен бөлім меңгерушілері, кураторлар қатысты. Бітірушілерге биылғы оқу жылындағы жоғары оқу орындарына қабылдаудың жалпы ережелері, құжат қабылдау мерзімі, техникалық және кәсіптік орта білім беру мамандықтары мен жоғары білім беру мамандықтарының сәйкестендіру кестесі, мамандыққа дұрыс таңдау жасау, кешенді тестілеуге дайындық мәселелері төңірегінде жан-жақты мәлімет пен кеңес берілді.

    

 

Латын графикасы: маңыздылығы, үйренудің тиімді жолдары мен мүмкіндіктері

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың басты құндылығы. 2018 жылдың 22 мамыры күні М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде Қызылорда облысы әкімдігінің Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық «Латын графикасы: маңыздылығы, үйренудің тиімді жолдары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Аталған шараның мақсаты - латын графикасының маңыздылығын, тиімділігін жастарға түсіндіре отырып, жаңа әліпбиге көшу кезеңдері мен халықтың оны меңгеруіндегі туындайтын мәселелер, кирилл әліпбиімен жарық көрген әдеби мұраларымыздың жай-күйі туралы пайымды пікірлерді ортаға салу, ой тоғыстыру, жан-жақты зерделеу. Колледждің 1-қабатында латын әліпбиіне байланысты кітаптар мен баспасөз материалдарынан көрме дайындалды. Дөңгелек үстелді модератор - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Абасилов Аман Мәделханұлы жүргізді. Дөңгелек үстелге университет ғалымдары (Сәдуақасұлы Жеңіс, Бекмағанбетов Шанжархан, Сарышева Күлдірсін т.б), журналистер, тіл саласының ардагер-ұстаздары (Сәнімкүл Желдербаева, Ділдахан Торғаева), мектеп және колледждердің латын графикасына қызығушылық танытып жүрген белді оқытушылары, қоғамдық ұйым өкілдері, облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары мен студент жастар қатысып, латын әліпбиіне қатысты тың пікірлерін ортаға салды, ақпарат алмасып, ой бөлісті.

      

 

Жастық жалыным-мәңгілік еліме

2018 жылдың 5 мамыр күні  7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі қарсаңында Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі ұжымының бастамасымен, облыстық білім басқармасы, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері басқармасы, қалалық әкімшіліктің қолдауымен облыстағы техникалық және кәсіптік оқу орындарының студент қыздарынан құралған жастардың «Жастық жалыным-мәңгілік еліме» атты дәстүрлі «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі дәстүрлі түрде өтті. Аталған шеру өткен жылы М.Мәметованың туылғанына 95 жыл толуына орай колледж студенттерінің бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Шерудің мақсаты: Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың ерен ерлігін, Отаны үшін от кешкен ержүрек жауынгерлеріміздің батырлығын дәріптеу арқылы жастарды патриотизмге, елжандылыққа, Мәншүк ізбасарлары ретінде Мәңгілік Елдің айбынды азаматы болуға тәрбиелеу. Жалпы саны 450 адамнан тұратын студент қыздар мен әскери қызметші қыздардан құралған колонна Мәншүк ескерткішіне тағзым етіп гүл шоқтарын қоюдан бастап Қорқыт Ата-Желтоқсан -Толыбеков көшелерімен жүріп өтіп, Тағзым алаңында сап түзеді. Патриоттық шеру қала жұртшылығы, Соғыс ардагерлері, облыс және қала әкімшілігі мен облыстық маслихат хатшылығы, Нұр отан партиясының Қызылорда облыстық филиалы басшылығы мен қала жастары қатынасқан салтанатты шарамен жалғасын тапты. Салтанатты мерекеде М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің өнерпаз жастары мен «Япурай» хор ұжымы дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Шара барысында Оңтүстік өңірлік Қолбасшылығының Ұлттық Ұлан №55-47 әскери бөлімінің жауынгерлері әскери қимылдарын көрсетіп,көшбасшы студенттердің флэшмобтық қолдау биі орындалып, қимылмен «Отан», «Жеңіс» сөздері жазылды, әуеге шарлар ұшырылды. «Мәншүк маршына» қатысушылар, ардагерлер мен құрметті қонақтар Тағзым алаңына гүл шоқтарын қойып, естелік суретке түсті. Аға ұрпақ алып берген ҰЛЫ ЖЕҢІС мерекесі қарсаңындағы «Мәншүк маршы» шеруі жастарымызды жетістіктерге жігерлендіріп, қиындықтарды жеңуге, алға ұмтылуға жетелейтін рухани бастаманың көзіне айналды.

                                                                    

                          

                                                 

                                             

 

Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан!

2018 жылдың 27 сәуірінде «Игілік басы – ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ», - дегендей колледж ұжымы бүгін 1 мамырХалықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесіне арналған «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстанатты мерекелік кеш ұйымдастырды. Шараның мақсатыжастарды Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге  тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету, халықтар арасындағы достықты насихаттау. Мерекелік кешті колледж директоры п.ғ.докторы, профессор Б.Ә.Сайлыбаев қатысушыларды мерекемен құттықтай отырып, Қазақстан халықтар достығының маңыздылығымен түйіндеді. Кеш қонақтары облыстық «Славяне» этно-мәдени орталығының өкілдері М.А.Бусыгина, И.Каратицкая, В.Скорикова, «Корей» мәдени орталығының өкілі Т.Д.Хегай, «Өзбек» мәдени орталығының өкілдері Ж.Абсаматов пен жұбайы Октам ханым, М.Ганиев жұбайымен, Г.Ибрагимовалар колледж ұжымын құттықтап, ән шашуларын тарту етті.Ғасырға жуық тарихы бар біздің колледжімізде өзге ұлт жастары да білім алуда. Мерекелік кеште кәріс ұлтының өкілі Пак Лилия, орыс Цыкалов Валерий, түрік Арифова Ханум өздерінің жүрекжарды ізгі тілектері мен жыр шумақтарын оқыды. Ізгі тілектермен бастау алған мерекелік кеш «Нұргүл» халықтық би ансамблінің түрлі халықтар билерімен, студенттердің «Ғасыр» және «Жігер» триоларының және оқытушылардың татар, украин, түрік, орыс, қазақ тілінде орындаған шуақты әндермен жалғасын тапты. Кеш соңы «Бірлігі бекем елдің болашағы - нұрлы, келешегікемел» деген қанатты сөздермен қорытындыланды.

                                          

                

 

МӘҢГІЛІК ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ

2018 жылдың 26 сәуір күні Алматы қаласында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің ұйымдастыруымен , Қазақстан Республикасының «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «МӘҢГІЛІК ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ» тақырыбында Республикалық зияткерлік турнир өткізілді. Колледжіміздің атынан сайысқа «Шетел тілі» бөлімінің ШТ-Д-17к оқу тобының студенті Мадиханқызы Назерке қатысты. Турнир барысында оқушымыз «Ағылшын тілі » пәнінен дарынды білім көрсеткені үшін және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін І орын дипломымен марапатталды. Шәкірттердің жетекшілігі мен педагогика саласында заманауи білім, саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбегі үшін жетекшісі Г.А.Расмуханова алғыс хатпен марапатталды.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

              

 

ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ

2018 жылдың 26 сәуір күні С.Майқанова атындағы Мәдениет үйінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығының ұйымдастыруымен Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының арасында өткізілген үштілділде «ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» -2018 облыстық сайысы ұйымдастырылды. Колледжіміздің атынан сайысқа «Шетел тілі» бөлімінің оқытушысы, жетекшісі С.Е.Ибрагимова мен бөлім меңгерушісі Г.Расмуханованың жетекшілігімен  ШТ-Д-15 тобы студенттері Е.Ернар, А.Айболат, А.Шакизада , А.Көбесова «Көптілді ұрпақтар» тобы ретінде қатысты. Сайыс барысында студенттеріміз өздерін үштілді еркін меңгергенін көрсетті. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша топтың логотипін, атын, ұранын «Cup’s song » әдісі бойынша үштілде таныстырып өтті. Үш тілде өткізген диалог барысында студенттер үш ұлт өкілі ретінде «Диалог алаңын» өткізсе , көрініс барысында «Қазақ халқының үш тіл патшалығы» тақырыбындағы аңыз әңгіменің « Хан мен уәзірлері» ретінде терме айтып, өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде үздіктердің үздігі деп танылып жүлделі І орынмен марапатталды. Колледж ұжымы атынан көптілді жетік меңгерген студенттерімізді шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

      

 

Ішкі үйлесімділікрухани жетілудің жетістігі

2018 жылдың 25 сәуір күні Республикалық пилоттық бағдарлама аясында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмыстары бойынша «Ішкі үйлесімділікрухани жетілудің жетістігі» тақырыбында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Шеберлік сабақтарының мақсаты: Тәрбиенің құндылықтық және компетенттілік бағыты бойынша басқа пәндер мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялай отырып, құндылықтарға бағдарланған тұлғаны тәрбиелейтін рухани-адамгершілік білім беру кеңістігін құру болып табылады.«Сен өзгерсең, сенің айналаңдағы әлем де өзгереді» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау бойынша ашық сабақтар, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясында көрме ұйымдастырылып, «Жүрегімді жылытқан бақыт тамшылары» тақырыбында тәрбиелік шаралар өткізілді. Шеберлік сабақтары арқылы білім алушылардың бойында моральдық нормалар мен өмірлік мәні бар жалпыадамзаттық құндылықтардың танымдық негізі қалыптасты. «Бөбек» ҰҒПББСО мен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған тұлғаны тәрбиелеуде колледжде рухани-адамгершілік кеңістік құру мақсатында риясыз негізде жүзеге асырылуда. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының қызметкерлері Адамның үйлесімді дамуы институтының ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекші мамандары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рысбаева Аршагүл Қылышбекқызы және педагогика ғылымдарының кандидаты Ізғұттынова Рабиға Отарбайқызы және Қызылорда облыстық оқу орталығының маманы Сыздықова Жанна Құрмантайқызы, колледж директоры Сайлыбаев Бахытжан Әбдіқалықұлы шеберлік сабақтарына қатысып, осы тақырыпта өздерінің тұжырымды ойларын білдірді.Қонақтар колледжде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік пилоттық білім беру бағдарламасы өз дәрежесінде жүзеге асырылып жатқандығын айтып өтті.