Проход по ссылкам навигации
Басты бет
E-COLLEGE
ТАЛАПКЕР 2020Развернуть ТАЛАПКЕР 2020
Колледж Развернуть Колледж
Мамандықтары мен кәсіптері
Қашықтықтан оқыту
ЦББР
Виртуалды лаборатория
Директор блогы
АқпаратРазвернуть Ақпарат
Развернуть
Facebook парақшамызға қосылыңыздар
 

    Қазақтың батыр қызы -   Мәншүк Мәметова


           Колледжінің оқу -          әдістемелік     жұмыстары        
 
   Дуалды оқыту: кәсіби маман даярлаудың жаңа мүмкіндігі





                                                                        Құрметті сайт қонақтары!

        Бүкіл азаматтың келешегі - жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты. Елбасы Жастар форумында сөйлеген сөзінде: «Сіздер қазіргі заманғы Қазақстанның идеалында тәрбиелендіңіздер. Өз еңбектеріңізбен, білімге деген ұмтылыстарыңызбен және нақты істеріңізбен сіздер мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік Елдің даңқын асырасыздар» деп сенім білдірді. Сол сеніммен біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз.   Уақыт озған сайын ауқымы кеңіп, жаңа қыры ашылатын әр күнімізде желілік байланыста жаңалықтарымызбен бірге болайық! Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

                          Ізгі ниетпен: колледж директоры  Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлы




                           











     






































































































































                                                                   ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!  

Елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үстіміздегі жылдың 5 шілдесінен бастап карантин режимі күшейтілуде. Оқуға құжаттарды қабылдау колледждің http://MANSHUK.KZ/ сайты және EGOV.KZ порталы арқылы жүргізілуде. Және де, оқуға құжат тапсыру барысында 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болатындығын хабарлаймыз. Қосымша байланыс телефоны: 8 7242 26 12 90.

                               

                                                  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ  

                                                             0108000-Музыкалық білім беру

                             

     0403000-Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы (бейін бойынша)

                             

                                                          0103000-Дене тәрбиесі және спорт

                              

                                                      0111143-Көркем еңбек пәнінің мұғалімі

1 қыркүйек - «Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты іс - шара

Бүгін М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде жаңа оқу жылының басталуына орай «Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты салтанатты шара болып өтті. Аталған шараны колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Ә.Сайлыбаев ашып, қатысушыларды Білім күні мерекесімен құттықтады.
Оқу орнындағы мерекелік салтанатқа облыс әкімінің орынбасары Н.С.Байқадамов қатысып, колледждің қалыптасу, даму қадамдарына тоқтала отырып, аймақтың білім саласында алар орнын да ерекше атап өтті. Колледж директорына ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хатын» табыстады.
Сонымен қатар мерекелік шарада шәкірттерге білім мен тәрбие беруде елеулі жетістіктерге жеткен бір топ оқытушылар ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының, «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Өткен оқу жылы колледжді 401 студент бітіріп, олардың басым бөлігі білімдерін университеттерде жалғастырып, жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш былтыр 50 пайыз болса, биыл 65 пайызды құрап отыр. Бүгінгі жиында колледждің «Үздік» диплом иегері, көшбасшы түлегіміз, білім бәйгесінде оза шауып, университеттің білім гранты иегері атанған Көбесова Айя оқу орнындағы ізбасарларына жылы лебізі мен аманатын жеткізді.
Биылғы оқу жылында колледжге қабылдау емтиханында ең жоғары балл жинаған 1 курс студенті Сайлаубек Арайлым сөйлеп, жүрекжарды тілегі, қуанышымен бөлісті.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыр эстафетасы да осы мерекеде жалғасын тауып, қатысушылар ақын өлеңдерімен сусындады. Мерекелік жиынға қатысқан колледж ардагерлері де өз ризашылықтарын білдірді.
Салтанатты шара соңы мерекелік шағын концертке ұласты.                        

                                                                                                                                                                                                    

 

   Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен білім алушылар!

Баршаңызды біздің еліміз үшін маңызды мерекелер – Конституция күнімен, жарқын да қуанышты Білім күнімен құттықтаймыз!

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 1 қыркүйек күні барша білім алушылар үшін жиын болатынын, 3 қыркүйектен кесте бойынша сабақтар басталатынын хабарлаймыз. Жаңа оқу жылында ұстаздар мен студенттер қауымына сәттілікпен қатар педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз.

Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі білім мен ғылымның дамуына тікелей байланысты. Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамалар болашақ жас мамандардың жеке тұлғалық қасиеттерін ұштап, кәсіби шеберліктерін шыңдауға бағытталады. Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

                                                                                                                                                     Колледж әкімшілігі

Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, мейрам күндерімен құттықтаулар

2018-2019 Оқу жылының жаңалықтарының мұрағаты  2017-2018 Оқу жылының жаңалықтарының мұрағаты





 Колледж саясаты, мақсаты, міндеттері  
 


М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі туралы бейне  - мәліметтер


           Талапкерге колледждің              танымдық мәліметтері  

    
     Көпмәдениетті және көптілді тұлға қалыптастырудағы колледжде атқарылған іс-шаралар туралы бейнебаян